Бас прокуратурада жартыжылдық жұмыс нәтижесі қорытындыланды және келешекке міндеттер анықталды

12 July 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 Бас прокуратурада жартыжылдық жұмыс нәтижесі қорытындыланды және келешекке міндеттер анықталды - 784503529

Бүгін Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің төрағалық етуімен қадағалау органының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті, онда бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер анықталды.

Биылғы жылы прокурорлардың көмегімен 2 800 жұмыскердің құқықтары қорғалып, оларға 800 миллион теңге көлемінде жалақы төленді.

Электр-, және жылу тарифтері төмендетіліп, тұтынушылардың 30 миллиард теңге қаражатының орны толтырылды.

Мемлекетке пайдаланылмаған 11 мың жер учаскелері қайтарылды.

Ғ. Нұрдәулетов атқарылған жұмыстарды атап өтіп, облыс прокурорларына халықтың алаңдаушылығын тудыратын мәселелерді шешуге өз күштерін бағыттауды тапсырды.

«Біз кез келген заң бұзушылықты қатаң түрде тоқтатуға міндеттіміз. Азаматтардың құқықтарын қорғау біздің басты басымдылығымыз», - деп талап етті.

Бас Прокурор сондай-ақ қылмыстық процесте прокуратура органдарының құқық қорғаушылық әлеуеті тиімді түрде ашылғанын атап өтті.

Ықпал ету шараларымен 52 адамды негізсіз қудалау тоқтатылды. 414 заңсыз ұсталғандар қызметтік жайлар мен изоляторлардан босатылды.

Прокурорлардың бастамасымен соттар 655 азаматқа қатысты үкімді қайта қарады, 195 сотталған адамның жағдайы жақсартылды.

Қауіпті емес, оның ішінде экономикалық қылмыстарды қылмыс деп танымау және балама жазаларды енгізу, жазалау практикасын төмендетті.

Сотталғандардың төрттен бір бөлігіне ғана (13 622-нің 3 289-на) нақты бас бостандығынан айыру мерзімдері тағайындалды.

Бұл ретте, қылмыстық заңнаманы гуманизациялау қылмыс жағдайын нашарлатпады. Қылмыс деңгейі 12%-ға төмендеді.

Мәжіліс жұмысының қорытындысы бойынша қадағалау органының жетекшісі прокурорлардың алдағы кезеңге арналған нақты міндеттері мен негізгі бағыттарын белгіледі.

Олардың қатарында заңның үстемдігін қамтамасыз етуді, азаматтар құқықтарының кепілдігін нығайтуды, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық және бағдарламалық құжаттар және Елбасы мен Президент тапсырмалары бар.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 Бас прокуратурада жартыжылдық жұмыс нәтижесі қорытындыланды және келешекке міндеттер анықталды - 1210754655

Comments

Add new comment