«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Вид конкурса: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

C-О-4 санаты үшін: 

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 2 жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі 2 жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

8) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына сәйкес өткізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 наурызда № 14939 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-О-4

126 356

170 599

 

 

 «Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы жанындағы Шаруашылық басқармасы» ММ индекс 050059, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі 189, анықтама телефоны 265-04-75, факс 265-03-59, электронды пошта мекенжайы: 7272355@prokuror.kz осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына ішкі конкурс жариялайды:

 

            Техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, С-0-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Ұйымның негізгі қорларының (ғимараттар, сумен қамтамасыз ету, кәріз, ауа өткізу және т.б. жүйелері) түрлі жөндеу түрлерінің перспективті және ағымдағы жоспарларын (графиктерін), сондай-ақ оларды іске пайдалану және қызмет көрсетуді жақсарту шараларын әзірлеуді жүзеге асырады, бекітілген жоспарлардың (графиктердің) орындалуын бақылайды. Жабдықтың техникалық жай-күйін, жөндеу жұмыстарының сапасын, сондай-ақ ұйымға жаңа келіп түскен жабдықтың қабылдануын тексеруге қатысады, қажет болған жағдайларда, оны шығынға жазу немесе басқа ұйымдарға табыстау құжаттамасын ресімдейді. Жөндеу жұмыстарын дайындауды ұйымдастырады, жабдықты жөндеу, кооперация жағдайларында олардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету бойынша қосалқы бөлшектерге мұқтаждықты анықтайды. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысатын ұйым бөлімшелерінің қызметіне, оларды іске пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қадағалау ережелерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Жабдыққа қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастырудың жетілдірілуіне, еңбек көлемінің және жөндеу жұмыстары құныныңазаюына, олардың сапасының жақсартылуына, негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға (тозуға төзімділікті арттыру және жабдықтың тоқтап тұруын азайту) бағытталған іс-шараларды әзірлейді. Өндірістің техникалық дамуын, күрделі жөндеуден өткізілуін және негізгі қорлардың жаңғыртылуын, өндірістік қуат теңгерімін жасауды және олардың пайдаланылуын жоспарлау бойынша жұмысқа қатысады. Жабдыққа профилактикалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша нормативтік материалдарды әзірлейді (жөндеу-іске пайдалану шығындарының, қосалқы бөлшектердің қызмет ету мерзімдерінің нормативтері, ауысым және тез тозатын бұйымдар номенклатурасы,  жағармай материалдарының нормалары мен шығыс лимиттері). Ақаулықтар тізімдемесін, жөндеу жүргізу өтінімдерін жасаудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Материалдарға және құрал-саймандарға арналған өтінімдер мен сипаттамаларды жасайды, олардың дұрыс жұмсалуын бақылайды. Жасап шығарушы ұйымдармен қосалқы бөлшектерді және жабдықты жеткізіп беруге арналған, сондай-ақ мамандандырылған мердігер ұйымдармен негізгі (өнеркәсіптік-өндірістік және өнеркәсіптік емес) қорлардың күрделі жөнделуіне арналған шарттар жасау үшін материалдарды дайындайды, бұл мақсаттарға қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады. Жабдықты іске пайдалану, күтіп ұстау және жөндеу бойынша стандарттар мен техникалық шарттарды әзірлеуге және ендіруге байланысты жұмысқа қатысады. Жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі ұсыныстар бойынша қорытындылар береді. Прокуратура органдары ғимараттарының, құрылыстарының және басқа негізгі қорларының есепке алынуын және паспортталуын жүргізеді, оларды жөндеген, жаңғыртқан және қайта құрған соң, паспорттарға өзгерістер енгізеді, қажетті техникалық құжаттаманы жасайды және белгіленген есептілікті жүргізеді. Техникалық қызметтердің жұмысын тексереді. Энергетикалық жабдықты сатып алу және күрделі жөндеу бойынша бюджеттік өтінімдерге талдау жасайды. Техникалық қадағалауды қамтамасыз етеді. Энергетикалық жабдықтың, электр және жылу желілерінің, ауа өткізгіштердің және газ құбырларының үздіксіз жұмысын, дұрыс іске пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Жылу-энергетикалық ресурстардағы өндіріс мұқтаждығын анықтайды, техникалық қайта жарақтау мәселелерінің қажетті негіздемелерін, энергия шаруашылығының дамуын, энергиямен жабдықтау жүйелерінің қайта құрылымдалуын және жаңғыртылуын дайындайды. Энергия шаруашылығын іске пайдалану үшін қажетті жабдықты, материалдарды, қосалқы бөлшектерді сатып алу өтінімдерін жасайды, қажетті негіздемелері бар, энергия ресурстарын үнемдеу бойынша іс-шаралардың есептеулерін орындайды, электр, жылу және басқа энергия түрлеріне ұйым бөлімшелерінің мұқтаждығын анықтайды.  Олардың жұмсалу нормаларын, олардың энергияға мұқтаждықтарын негізге ала отырып, ұйым бөлімшелерінің жұмыс режимін әзірлеуге қатысады. Отын және барлық энергия түрлерінің шығыс нормаларын сақтауды бақылайды. Техникалық жабдықтың сатып алынуын, іске пайдаланылуын және уақтылы жөнделуін жүзеге асырады. Энергетика қондырғыларының және тораптарының сынақтан өткізілуіне және өнеркәсіптік іске пайдалануға қабылдануына, энергетикалық жабдықтың апатқа ұшырау себептерін қарауға қатысады және олардың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді. Энергия жабдығын және электр желілерін іске пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қадағалау нұсқаулықтарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Энергетикалық жабдыққа арналған стандарттар мен техникалық шарттарды әзірлеуге және ендіруге қатысады. Мердігер ұйымдармен жабдықты жөндеуге арналған шарттар жасау үшін материалдардың дайындалуына қатысады. Энергия қондырғылары мен тораптарын іске пайдалану және жөндеу кезінде еңбекті қорғау ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғарғы, техникалық ғылымдар мен технология саласында  немесе экономика және бизнес саласында.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысандағы өтініш (қоса беріледі*);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған  қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. 

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.  

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оның әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарландырылған күннен 3 күн ішінде  «Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы жанындағы Шаруашылық басқармасы» ММ (Алматы қаласы, 050059, Желтоқсан көшесі 189) өтеді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларымен белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне немесе сотқа беру тәртібімен шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 

___________________________

___________________________
(мемлекеттік орган)  

Өтініш

      Мені ____________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________________

     ___________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
 Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

      Қоса берілген құжаттар:      ___________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________

Мекен-жайы және байланыс телефоны ___________________________________________________
_____________________________________________________________________________________

__________                                             _______________________________
             (қолы)                                                             (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____» _______________ 20__ ж.