You are here

Академия өкілдері ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Наиль Ахметзакиров бастаған Құқық қорғау органдары академиясының делегациясы Қостанай облысына барды. Бағдарламаға сәйкес олар ғылыми-практикалық іс-шараларға қатысып, криминология және қылмыстылықты болжау саласындағы өзекті аспектілерді талқылады. 

Криминологиялық заңнаманы реформалаудың, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында құқық қорғау органдары қызметін жетілдірудің өзекті проблемаларына арналған конференцияға Парламент депутаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, «Нұр-Отан» партиясының өкілдері, халықаралық ұйымдардың сарапшылары, азаматтық қоғам институттары және ғалымдар қатысты.

Н.Ахметзакиров өз сөзінде форумның криминология саласында жаңа ғылыми ізденістермен, пікірлермен алмасу алаңы ретіндегі маңызын атап өтті. Спикер қазақстандық криминологиялық ғылымның одан әрі дамуы жайында өз пікірімен бөлісіп, конференция қатысушыларын Академияның ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерімен таныстырып өтті.

«Бас прокуратураның тапсырмасымен Академия еліміздегі криминологиялық ахуалды бағалау және жақын уақытқа криминологиялық болжам жасау бойынша толық көлемді ғылыми-зерттеу жұмысын әзірледі. Ғалымдарымыздың жасаған қорытындылары анық практикалық маңызға ие және күш құрылымдарының қызметінде қолданылатын болады», - деп атап өтті Академия басшысы.

Аталмыш тақырып аясында Академия қызметкерлері күш құрылымдары қызметкерлеріне арналған оқыту тренингіне қатысты. Семинарға Ресей, Германия және АҚШ-тың ғалымдары мен сарапшылары шақырылды. 

Академия өкілдері заңнаманы реформалау және еліміздің құқықтық жүйесін жаңғырту кезінде өткізіліп жатқан оқыту іс-шарасының ғылыми және практикалық маңызын атап өтті.

Сондай-ақ олар академиялық қоғамдастықты біріктіру және озық тәжірибені енгізу қылмыспен күресте тиімді стратегияны әзірлеу үшін қосымша ынта беретінін атап өтті.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі

academygp.kz
facebook.com/academygp
twitter.com/academygpkz
instagram.com/academygp

Теги: 
Академия өкілдері ғылыми-практикалық конференцияға қатысты - 603724682

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.