You are here

Бас прокуратура өкілдерінің америкалық әріптестерімен кездесуі туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратура өкілдерінің америкалық  әріптестерімен кездесуі туралы - 1285016180

Астана, 23 мамыр 2017 жыл. Бас прокуратурада Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың Солтүстік Дакота штатының Бас Прокуроры Уэйн Стинхж мырзаның басшылығымен келген АҚШ делегациясымен кездесуі өтті.

Уэйн мырзаны қарсы ала отырып, Марат Ахметжанов қылмыспен күресу және құқық бұзушылықтың алдын алу ісінде қазақстан-американдық қарым-қатынастарды дамытуда қосымша қозғаушы күш ретінде болатынын атап өтті. Ол келген қонақтарға Қазақстан прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді. Сондай-ақ, Бас прокуратура жанында қызмет ететін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің және Құқық қорғау органдары академиясының жұмысы туралы баяндады.

М.Ахметжанов киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелеріне жеке тоқталды. Осы бағыттағы Америка елінің тәжірибесі  қазақстандық құқық қорғау органдары үшін, әсіресе, өнеркәсіп объектілерін, бизнес субъектілерін аталған қол сұғушылықтан қорғау, кибер қылмыстармен күресте, айғақтарды жинау әдістеріне, сараптамаларды өткізу және оларды тергеп-тексерумен байланысты басқа да мәселелерге мамандандырылған прокурорларды дайындау бөлігінде қызығушылық танытты.

Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар терроризмге қарсы күрес саласындағы  жұмыс тәжірибесімен, ғаламтордағы терроризмді насихаттауға қарсы іс-қимылдардың жекелеген әдістерімен бөлісті.

АҚШ тренингтерді ұйымдастыру арқылы тәжірибемен алмасу және Қазақстандық прокуратура қызметкерлерінің Штаттың қылмыстық зертханасымен танысу мүмкіндігі бойынша конструктивті диалог өтті.

Қазақстан 50-ден астам екіжақты халықаралық шарттар, оның ішінде құқықтық көмек көрсету, экстрадиция, сотталған адамдарды беру мәселелері бойынша АҚШ-пен жасалғанын атап өтті.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

+7 7172 71 27 66

+7 7172 71 28 19

Бас прокуратура өкілдерінің америкалық  әріптестерімен кездесуі туралы - 536330098
Бас прокуратура өкілдерінің америкалық  әріптестерімен кездесуі туралы - 868896999
Бас прокуратура өкілдерінің америкалық  әріптестерімен кездесуі туралы - 1943079627
Бас прокуратура өкілдерінің америкалық  әріптестерімен кездесуі туралы - 506482191

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.