Бас прокуратурада қылмыстық процестегі азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды

15 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратурада қылмыстық процестегі азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды - 1931198312

Бүгін Бас прокуратура алқасының кеңейтілген отырысында 2018 жылы және 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері қаралды.

Іс-шараны аша отырып, Бас Прокурор азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың өзектілігіне назар аударды.

"Адам құқықтары қылмыстық процесте ең көп шектеледі. Дәл сол жерде оны ұстап, тінту және қамауға алу мүмкін. Сондықтан қылмыстық қудалау органдарының өз жұмысын орындай отырып, заңды қатаң сақтауы маңызды", – деп атап өтті Г. Нұрдәулетов

Соңғы бір жарым жылда прокурорлар күдіктілердің әрекеттерін саралау туралы 110 заңсыз шешімнің күшін жойды,олардың 82 ауыр қылмыстар бойынша. 549 азаматты қамауға алу туралы өтінішхаттықолдаудан бас тартылды. 615 заңсыз ұсталған азамат босатылды. Сот 500-ден астам адам ақталды.

Тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібін бұзуға, қылмыстық заңды дұрыс қолданбауға және мән-жайларды тиісінше құқықтық бағаламауға жол беріледі.

Осыған байланысты, Бас прокурор қылмыстық қудалау органдары басшыларының назарын осы жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарау бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттігіне аударды. 

Ол қылмыстық қудалау органдарына түскен әрбір адам оның құқықтары сақталатынына сенімді болуы тиіс екенін атап өтті. 

Сондай-ақ, қадағалау ведомствосының басшысы прокурорларға сотқа дейінгі тергеу органдарының іс-әрекеттері мен басқа да іс жүргізу шешімдерін саралаудың заңдылығына тиісті қадағалауды қамтамасыз етуді тапсырды.

 Азаптау және тергеудің рұқсат етілмеген әдістері орын алған фактілерді ескере отырып, Құқық қорғау органдарына әкімшілік ғимараттарды бейнебақылау камераларымен және шыны жауап алу кабинеттерімен қосымша жабдықтау, азаматтардың құқықтарына қысым жасайтын қызметкерлерге қатаң шаралар қолдану арқылы ведомстволық бақылауды күшейту ұсынылды.

Қылмыстық процестің ашықтығын қамтамасыз етуге Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті үйлестіретін құқық қорғау қызметін одан әрі цифрландыру ықпал етеді. 

Талқылау қорытындысы бойынша алқа мүшелері қылмыстық процесті одан әрі жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Олардың пікірінше, реформалар сот төрелігінің сапасын жақсартуға, тараптардың жарыспалылық қағидатын күшейтуге, сондай-ақ адвокаттардың рөлі мен мәртебесін арттыруға ықпал етеді.

Алқа қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу