You are here

Бас прокуратураның Үйлестіру кеңесінің отырысында қылмыстық және әкімшілік процестерді оңтайландыру мен цифрландыру бағытындағы шаралар талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратураның Үйлестіру кеңесінің отырысында қылмыстық және әкімшілік процестерді оңтайландыру мен цифрландыру бағытындағы шаралар талқыланды - 411294336

12 қазан 2017 жыл, Астана қ. Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысында (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) қылмыстық және әкімшілік процестерді одан әрі оңтайландыру және цифрландыру бойынша шаралар қабылдау мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде қылмыстық процесті оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны мәлім.

Бас Прокурор отырысты ашу барысында Бас прокуратураның бастамасымен жасалған пилоттық жобалардың артықшылықтарына қысқаша тоқталып кетті.

 «Адамдар айлар бойы қарапайым және айқын істер бойынша шешімді күтпейтін болады. Олардың құқығын қорғау дәрежесі артып келеді. Шағымдар азайды. Ресурстар босады. Енді тергеушілер маңызды және қиын істерге көбірек көңіл бөле алатын болады. Біздің мақсат адамдар үшін жасалған жылдам, ыңғайлы және айқын процесс», - деп атап өтті Жақып Асанов.

ІІМ-мен бірлескен қылмыстық процесті оңтайландыру бойынша жобаның іске асырылуы жайлы толығырақ Бас прокуратураның 1-Қызмет басшысы Е. Абаев баяндады. 

Қызметтің мәліметінше, аталған жоба, ең біріншіден айқын істер бойынша оларды тіркеуден сотқа жолдауға дейінгі аралықта тергеу мерзімін 1-2 айдан 3-10 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді.  Бұл нәтижеге қол жеткізу іс бойынша шығарылған шешімді келісуші тұлғалардың санын азайту, сондай-ақ «кезекші прокурордың» өкілеттілігі кеңейту арқылы, Бас прокуратура мен Денсаулық сақтау министрлігінің  IT-жүйесін біріктірудің арқасында мүмкін болып отыр. Мысалға, 2-3 минут ішінде наркология және психотерапия орталығынан мәлімет алуға жол ашылды, бұған дейін бұл рәсімге 2-3 күн кететін.

Енді «кезекші прокурорлар» полиция бөлімінде азаматтардың өтініштерінің тіркелуін, сондай-ақ оларды ұстау мен жеткізудің заңдылығын тексереді. Сонымен қатар оларды қабылдап, заңнама нормаларын түсіндіреді.

Бұл жоба Астана қаласы мен Ақмола облыстарындағы екі полиция басқармасында тиімділігін дәлелдеп, а.ж. 1-шілдесінен бастап осындай форматқа барлық өңірлер қосылды.

Бүгінгі таңда жоба аясында сотқа 8,3 мыңнан астам іс жолданды, оның ішінде 28 пайызы 3 күннің, ал 43 пайызы 10 күннің ішінде тергелген.

Бұның салдарынан прокуратураға полицияның тергеу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану 24 пайызға (34 мыңнан 26 мыңға дейін), ал тергеу жүргізудің заңсыз әдістеріне шағымдану 44 пайызға (3351-ден 1484-ке дейін) төмендегенін атап өткен жөн.

Отырыс барысында Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы елімізде цифрлық технологияларды жетілдіруді жүзеге асыру аясындағы  атқарған жұмыстар қатарын Бас прокуратураның жанындағы Комитет(ҚСжАЕА) төрағасы Бағдат Мусин баяндады.

Ол «Е-қылмыстық іс» және «Бірыңғай әкімшілік өндіріс тізімі» бағдарламаларының ерекшеліктеріне тоқталды.

«Бірыңғай әкімшілік өндіріс тізімінің» тиімділігіне елорда тұрғындарының көзі жеткені айқын.

Бұл жерде электрондық хаттама 5 минутта толтырылады (бұған дейін оны толтыруға 1 сағат уақыт кететін). ЖСН енгізілген соң автоматты түрде қажетті мәліметтер барлық базалардан келіп түседі және сол сәтте хаттама бірыңғай базаға тіркеледі. Мұндай жағдайда іске қандай бір қосымша енгізуге немесе оны жоюға және жоғалту фактілеріне мүлдем жол берілмейді.   

Қаражат пен уақыт үнемделді, ал процесс болса барынша ашық болды.

А.ж. шілдесінен бастап 5 мыңнан аса электрондық хаттамалар толтырылды.

Төлемдерді өндіру де автоматтандырылды. Айыппұл жөнінде ескерту тәртіп бұзушының ұялы телефонына хабарлама түрінде келіп түседі. Айыппұлды қолма –қол сол жерде төлеуге болады.

Бұған дейін хаттама толтыруға кем дегенде 30 минут, ал тіркеуге 10 күннен астам уақыт кететін. Тәртіп бұзушы айыппұлды банкте төлеп, одан соң түбіртекті мемлекеттік органға апарып әуре-сарсаңға салынатын-ды. Ал оның орындалуы мүлдем бақылаудан тыс қалатын.

Әділет министрілігінің ІТ-жүйесімен интеграциялау нәтижесінде материалдарды автоматты түрде мәжбүрлеп орындау үшін жолдау мүмкін болып отыр.

Баяндама барысында Б.Мусин Астана қаласы мен Жамбыл облыстарында  «Е-қылмыстық іс» пилоттық жобасын енгізуде орын алған мәселелерді атап өтті. 

Бірақ, спикер аталған проблемаларды жұмыла кірісіп, жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен түпкілікті шешуге болатынын сеніммен айтты.

Отырыс соңында Ж. Асанов жоғарыда аталған мәселелерге Мемлекет басшысының ерекше көңіл бөліп отырғанын еске салды.

Талқылаудың нәтижесінде қылмыстық істердің тергелуін және әкімшілік іс жүргізу процестерін оңтайландыру бағытында бірқатар ұсынымдар қабылданды.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz
+7 7172 71 27 66
+7 7172 71 28 19

Бас прокуратураның Үйлестіру кеңесінің отырысында қылмыстық және әкімшілік процестерді оңтайландыру мен цифрландыру бағытындағы шаралар талқыланды - 1672944273
Бас прокуратураның Үйлестіру кеңесінің отырысында қылмыстық және әкімшілік процестерді оңтайландыру мен цифрландыру бағытындағы шаралар талқыланды - 1237542172
Бас прокуратураның Үйлестіру кеңесінің отырысында қылмыстық және әкімшілік процестерді оңтайландыру мен цифрландыру бағытындағы шаралар талқыланды - 973361057
Бас прокуратураның Үйлестіру кеңесінің отырысында қылмыстық және әкімшілік процестерді оңтайландыру мен цифрландыру бағытындағы шаралар талқыланды - 532995642
Бас прокуратураның Үйлестіру кеңесінің отырысында қылмыстық және әкімшілік процестерді оңтайландыру мен цифрландыру бағытындағы шаралар талқыланды - 1969803598
Бас прокуратураның Үйлестіру кеңесінің отырысында қылмыстық және әкімшілік процестерді оңтайландыру мен цифрландыру бағытындағы шаралар талқыланды - 932021084
Бас прокуратураның Үйлестіру кеңесінің отырысында қылмыстық және әкімшілік процестерді оңтайландыру мен цифрландыру бағытындағы шаралар талқыланды - 1123355828

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.