You are here

Бас Прокурор 21-ші Петербург халықаралық экономикалық форумында сөз сөйледі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас Прокурор 21-ші Петербург халықаралық экономикалық форумында сөз сөйледі - 213884138

2 маусым 2017 жыл, Санкт-Петербург қаласы (РФ). Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов 21-ші Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты.

Шараның ұраны – «Ғаламдық экономикада жаңа теңгерімді іздестіру». Форум бағдарламасына 100-ден аса іс-шаралар енгізілген. 

Бас Прокурор  «Доверять нельзя проверять. Смещение акцентов контрольно-надзорной деятельности» атты сессияда сөз сөйлеу барысында қазақстандық тәжірибемен бөлісті. Осы саладағы қазақстандық қадағалаушы ведомствоның басымдығын, тексеруші мен тексерілетіннің арасындағы навигацияның анықтығы, қылмыстық процесті цифрландыру жөнінде атап өтті.

Форум алаңында Жақып Асанов Ресей Федерациясы Бас Прокуроры Юрий Чайкамен, Израиль Мемлекеттік прокуроры Шай Ницанмен, РФ Президенті жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі Уәкіл Борис Титовпен  екіжақты құқықтық ынтымақтастық  пен оны одан әрі күшейтудің жолдары жөнінде келіссөздер жүргізді.

Форумдағы пікірталас бес бағыт бойынша жүргізілді. Олар: «Ғаламдық экономиканың динамикасы», «Ресей экономикасын қалыптастырудың тәртібі», «Шынайлықты өзгертетін технологиялар», «Адами капитал дамудың негізгі бағыты ретінде» және «Болашақ жайлы әңгіме».

Әлемдік экономика дамуының негізгі сұрақтары, жаңа ғылыми жетістіктер мен технологияларды енгізу, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен өзге де осы заманғы өзекті проблемалар дәстүрлі түрде Форумда талқыланады.

Анықтама үшін: Форумда 40-тан астам елдің әлемдік деңгейдегі ірі компаниялары, көшбасшылары мен үкімет басшылары қатысты. Соның ішінде: Ресей Президенті Путин В.В., БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериш, Аустрияның федералдық канцлері Кристиан Керн мен Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди және әлемдік көшбасшылар, РФ үкімет, федералдық органдар басшылары мен қоғамдық ұйымдар өкілдері болды.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

+7 7172 71 27 66

+7 7172 71 28 19

Бас Прокурор 21-ші Петербург халықаралық экономикалық форумында сөз сөйледі - 730885446
Бас Прокурор 21-ші Петербург халықаралық экономикалық форумында сөз сөйледі - 97389023

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.