You are here

Грекия Бас прокуратурасымен Меморандумға қол қою туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Грекия Бас прокуратурасымен Меморандумға қол қою туралы - 380919807

Астана, 24 мамыр 2017жыл. Грек Республикасы Жоғарғы Сотының Бас прокуроры Ксени Димитриу ханымның Қазақстанға іссапары барысында Қазақстан Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжановпен кездесуі өтті.

М.Ахметжанов Қазақстандағы прокуратура органдарына қатысты конституциялық реформа жайында айтып өтті. Қазақстандық қадағалау органының мәртебесі мен қызметінің негізгі бағыттары туралы хабарлады. Біздің ведомствоның Грекия Әділет министрлігіне ұқсастығын атап өтті. Грекия Бас прокурорын құқықтық көмек, ұстап беру, сотталғандарды беру мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық саласындағы жетістіктер мен перспективалар жайында хабардар етті.

Өз кезегінде Димитриу ханым Грекияның құқық қорғау және сот жүйелерінің құрылымы туралы ақпаратпен бөлісіп, грек тарапының қылмыстық-құқықтық салада екіжақты қатынастарды дамытуға деген қызығушылығын білдірді.

Кездесу барысында ведомствоаралық Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

М.Ахметжановтың айтуынша, аталмыш құжатқа қол қою екіжақты шарттық-құқықтық база құрудағы алғашқы қадам болып табылады. Тараптар жақын арада ұстап беру және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы мемлекетаралық шарттарға қол қоюға үміттенетінін білдірді. Бұл шарт жобаларын даярлау қазіргі таңда келісілуде.  

Кездесу соңында қазақстандық прокуратураның халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша конструктивті диалог үшін ашық екені атап айтылды.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz
+7 7172 71 27 66
+7 7172 71 28 19

Грекия Бас прокуратурасымен Меморандумға қол қою туралы - 2121574841
Грекия Бас прокуратурасымен Меморандумға қол қою туралы - 1722110550
Грекия Бас прокуратурасымен Меморандумға қол қою туралы - 390143093
Грекия Бас прокуратурасымен Меморандумға қол қою туралы - 1476835856

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.