Қ. Қожамжаровтың Әмірліктің Федералдық прокурорымен екіжақты кездесуі туралы

06 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қ. Қожамжаровтың Әмірліктің Федералдық прокурорымен екіжақты кездесуі туралы  - 756282404

2018 жылғы 6 желтоқсан, Астана. Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қайрат Қожамжаровтың Біріккен Араб Әмірліктерінің Федералдық прокуроры Әль-Шамси мырзамен екі жақты кездесуі болды.

Кездесу барысында қылмыс саласындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту аспектілері, қылмысқа қарсы іс-қимылдың құқықтық механизмдері, оның ішінде ұрланған активтерді кері қайтару, қылмыскерлерді экстрадициялау және қылмыстық істер бойынша сотталған адамдарды беру мәселелері талқыланды.

Адамдарды беру туралы келісім қолданылғаннан бергі кезеңде соңғы жылдары БАӘ Әділет министрлігі өз елдерінде бой тасалап жүрген 9 қылмыскерді берді.

Әріптестер ірі қаржылық қылмыстарға қатысты адамдарды экстрадициялау мен қазақстандық тергеушілердің Әмірліктер аумағында бой тасалап жүрген адамдарға қатысты тергеу амалдарына қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Бұған қоса, терроризм мен діни терроризм қаупіне қарсы іс-қимыл жөнінде, оның ішінде осы бағытта қабылданып жатқан заңнамалық, ұйымдық және профилактикалық іс-шаралар бойынша тәжірибе алмасты.

Өз кезегінде Федералдық прокурор Әль-Шамси қазақстандық әріптестердің заңдылықты, халықаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі тиімді жұмысын атап өтіп, екі жақты қатынастарды нығайтуға мүдделі екенін айттып.

 Кездесу соңында Қайрат Қожамжаров сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында өткен «Аймақаралық ынтымақтастықты нығайту және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте күш-жігерді үйлестіру» атты халықаралық конференцияда шет елдердің қадағалау ведомстволары өкілдерінің қатысуы аясында Қазақстанның Бас Прокуроры Қ. Қожамжаров бірқатар екі жақты кездесулер өткізді.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

 

 

 

Қ. Қожамжаровтың Әмірліктің Федералдық прокурорымен екіжақты кездесуі туралы  - 958132909

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу