You are here

Қазақстандық делегация шетелдік тәжірибені үйренуді жалғастыруда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қазақстандық делегация шетелдік тәжірибені үйренуді жалғастыруда - 398318013

25-26 мамыр 2017жыл, Таллин қаласы (Эстония). Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың басшылық етуімен қазақстандық делегация жұмыс сапары әлеуетті құрылымдар мен сот органдарын Қазақстанның қылмыстық процесін жетілдіруді зерттеу тұрғысындағы Таллин қаласында өз жалғасын тапты. 

Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов, Бас Прокурор Жақып Асанов, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров, сондай-ақ Жоғарғы сот, ҰҚК, Ұлттық бюро мен МКД-нің өкілдері қазақстандық делегация құрамына кірді.

Сапар аясында Эстония Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары Дилайла Нахкур-Таммиксаар, Стевен Христо-Эвестуспен және Ішкі істер министрі Андрес Анвельтоммен, сондай-ақ Харью уездік сотының төрағасы Меелис Еерикпен кездесулер жүргізілді.

Қазақстандық делегация мүшелері прокуратура органдары, ішкі істер және соттың қызметімен танысты. Сапар барысында Эстония прокуратурасының сотқа дейінгі тергеуге басшылық жасауы мен оның заңдылығын қамтамасыз ету мен нәтижелілігі делегация мүшелерінің ерекше қызығушылығын тудырды.

Бас Прокурор Ж.Асанов әріптестерімен әңгімелесу барысында: «Қазақстандық қылмыстық процесті жетілдіру мен цифрландыру тұрғысында біз үшін Эстония прокуратурасының қылмыстық процесте сотқа дейінгі тергеуге басшылық жасау ерекшеліктері өте қызықты» - деді.

Кездесу соңында қазақстандық делегация басшысы Т. Донақов эстондық жақтың жылы шыраймен қарсы алғанына алғысын білдіре отырып, құқықтық саладағы қарым қатынасты одан әрі кеңейтуді атап өтті.

Германия мен Эстонияға сапар Бас прокуратураның бастамасымен Президент Әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылғанын еске саламыз.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

+7 7172 71 27 66

+7 7172 71 28 19

Теги: 
Қазақстандық делегация шетелдік тәжірибені үйренуді жалғастыруда - 2057391642
Қазақстандық делегация шетелдік тәжірибені үйренуді жалғастыруда - 1374098778

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.