Қазақстандық делегацияның Қырғызстанға сапары

01 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қазақстандық делегацияның Қырғызстанға сапары - 508867104

2019жылғы 1 қазан, Бішкек қ. Бүгін Қазақстанның Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетов ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің (БПҮК) 29-шы отырысының және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) қатысушы мемлекеттердің бас прокурорларының 17-ші отырысының жұмысына қатысты.

Отырысқа ТМД елдері мен ШЫҰ–ның  Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Үндістан, Қытай, Пәкістан жоғары қадағалау органдарының басшылары, Ауғанстан, Иран және Монғолияның бақылаушы-мемлекеттерінің өкілдері қатысты.

БПҮК отырысы аясында Қазақстанның Бас Прокуроры “Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметін жаңғырту” атты тақырыпта баяндама жасады.

ШЫҰ елдері прокурорларының талқылауының негізгі тақырыбы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының контрабандасына және заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл туралы мәселе болды.

Сапар барысында Қазақстан мен Қырғызстан Бас прокуратуралары арасында құқықтық көмек көрсету туралы келісімге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары академиясы мен Қырғыз Республикасы ІІМ Академиясы арасындағы білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.  

Сонымен қатар, Ғ. Нұрдәулетов ТМД және ШЫҰ елдерінің бас прокурорларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, онда трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу