Қ.Қожамжаровтың Монғолияның Бас Прокурорының орынбасарымен екі жақты кездесуі туралы

05 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қ.Қожамжаровтың Монғолияның Бас Прокурорының орынбасарымен екі жақты кездесуі туралы  - 1950927043

2018 жылғы 5 желтоқсан, Астана. Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қайрат Қожамжаровтың Монғолияның Бас Прокурорының орынбасары  Эрдэнэбат Ганбатпен екі жақты кездесуі өтті.

Қадағалаушы ведомстволардың басшылары трансұлттық қылмысқа, экстремизм мен терроризмге қарсы тұру мәселелерін талқылады.

Екі елдің арасында жасалған қылмыстық істер бойынша экстрадициялау және құқықтық көмек туралы, сотталған адамдарды беру туралы екі жақты шарттар жеткілікті дәрежеде іске асырылып жатқаны атап өтілді.

Бүгінгі күні Қазақстанның түзеу мекемелерінде Монғолияның 5 азаматы жазасын өтеуде.

«Ағымдағы жылдың 29 наурызында сотталғандарды беру туралы шартқа қол қойылғаннан кейін, қылмысқа қарсы күрес саласында екі елдің арасында толық  халықаралық-құқықтық базаға қол жеткіздік», - деп атап өтті Қ.Қожамжаров.

Эрдэнэбат Ганбат сындарлы ынтымақтастыққа және құқықтық саладағы қатынастарды одан әрі кеңейту мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін Қайрат Қожамжаровқа алғысын білдірді. Сонымен бірге қазақстандық әріптесіне өзара тиімді сұхбатты жалғастыруға дайын екендігін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында өткен «Аймақаралық ынтымақтастықты нығайту және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте күш-жігерді үйлестіру» атты халықаралық конференцияда шет елдердің қадағалау ведомстволары өкілдерінің қатысуы аясында Қазақстанның Бас Прокуроры Қ. Қожамжаров бірқатар екі жақты кездесулер өткізді.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Қ.Қожамжаровтың Монғолияның Бас Прокурорының орынбасарымен екі жақты кездесуі туралы  - 1435798728

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу