You are here

А. Кравченко: бос жерлер туралы мәліметтер ашық болуы керек

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

1  маусым 2017 жыл, Астана. Бас Прокурордың орынбасары Андрей Кравченко Парламент Мәжілісінде ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнаманың мемлекеттік органдармен орындалуы жөнінде өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Өз баяндамасында Андрей Кравченко прокурорлар «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының қолдануынына талдау жүргізгені туралы айтты.

Сонымен қатар прокурорлар бос жерлер туралы мәліметтер халыққа қаншалықты қол жетімді екенін анықтай келе, «Азаматтарға арналған үкімет» (www.aisgzk.kz) интернет-ресурсында апта сайын жаңартылып отыратын қала мен аудандардың жер-кадастрлық сызбалары орналастырылғанын анықтаған.

Бірақ онда бос жерлер туралы мәліметтер көрсетілмеген екен (тіркелген жер учаскелері туралы ғана ақпараттар орналастырылған).

Ондай ақпаратты жазбаша өтініш бергенде ғана үш жұмыс күні ішінде беріледі.

А.Кравченконың пікірінше бұл мәселеде шетелдік тәжірибені қолданған жөн.

Мысалға, Әзірбайжанда бос жер учаскелер туралы және азаматтық айналымға жаңа жерлерді тарту бойынша бағдарламалар жайлы ақпаратты халыққа жыл сайын хабарлайды.

Ал Беларусь республикасы жақында осы мәліметтерді электрондық жер картасына жария түрде орналастыруды жоспарлап отыр.

Қорытындылай келе:«Осыған орай біз Ауыл шаруашылық министрлігіне осы мәселені зерделеуді ұсынындық»,-деді Бас Прокурордың орынбасары.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

+7 7172 71 27 66

+7 7172 71 28 19

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.