Кәсіби мереке күніне орай

06 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Кәсіби мереке күніне орай - 296599317

2018 жылғы 6 желтоқсан, Астана. Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының құрылу күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Кәсіби мерекеге орай Қайрат Қожамжаров прокуратура органдарының қызметкерлерін құттықтады.

 

Құрметті прокуратура органдарының қызметкерлері!

 

Прокуратура конституциялық функциялары мен ел аумағында заңдылықтың сақталуына жоғарғы қадағалауды жиырма жеті жыл жүргізіп келеді.

Президенттің тапсырмасы бойынша осы жылдары аса назарымызда азаматтардың құқықтарын, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қорғау болды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, прокуратура құқық үстемдігін қамтамасыз етуде басты рөлді атқарады.

Қылмыстық-құқықтық салада ауқымды заңнамалық, институционалдық және құрылымдық реформалар жүргізілді.

Бас прокуратураның басшылығымен қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстер, «Прокуратура туралы», «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы», қаржылық пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл туралы заңдар әзірленіп, қабылданды.

Қылмыстық процесс жаңарып, оған алғашқы рет тергеу судьясы, процесс прокуроры институттары, жасырын тергеу әрекеттері, бұйрықтық іс жүргізу, процестік келісімдер енгізілді.

Парламентпен бірлесіп, Бас прокуратура қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бойынша үлкен жұмыс жасады.

2010 жылдан бері кезең-кезеңмен гуманизациялаудың 4 сатысы өтті.

Құқықтық саясат тұжырымдамасы прокуратура қызметінің тиімділігін арттырып, оны құқық қорғау жүйесінің ұйытқысы деп бекітті.

Бас прокуратура Президент жанындағы Құқықтық саясат кеңесіне енгізіліп, онда құқық қолдану пратикасын жетілдіру бойынша мәселелерді көтереді.

******

«Прокуратура туралы» Заң бізге барлық өкілеттік берді.

Осы жылы Бас прокуратура білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, еңбек, тұрғын-үй мен тариф салаларында ауқымды 12 қадағалау тексерістер жүргізді.

Олардың нәтижесінде кешенді шаралар әзірленіп, Президент жанындағы Қауіпсіздік Кеңес, Үкімет отырыстарында және Құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінде талқыланды

Азаматтарымыздың әлеуметтік-экономикалық салада бұзылған құқықтарын қорғаған қызметкерлерге алғыс білдіргім келеді.

Олар – Мақашев Ердос Ернарұлы, Райымқұлов Дәурен Бекмұхамбетұлы, Стадник Татьяна Владимировна, Ысқақов Данияр Сұлтанұлы және басқалары.

Прокуратура халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтитын басқа да мәселелерді – бюджет қаражатын тиімді пайдалану, қоғамдық меншікті, экологиялық қауіпсіздікті бақылауда ұстайды.

Біздің актілеріміз бойынша 34 млрд теңгеге мемлекеттің мүддесі қорғалды, 12 млрд теңге сомасында мүлік қайтарылды.

Қадағалаудың негізгі бағыттарының бірі - кәсіпкерлік құқықты қорғау мен бизнеске қысым жасаудың жолын кесу.

Прокуратура қадағалау жұмысына IT технологияларды енгізу арқасында 3 жыл ішінде кәсіпкерлерді тексеруді 32%-ға азайтты.

Бақылаушы органдар тексерісті жоспарлауда тәуекелге бағдарланған тәсілге көшті.

Прокуратура өз тарапынан бизнес пен шаруашылық дауларға заңсыз араласудың жолын кесуді әрі қарай жалғастырады.

******

Қадағалау органының үйлестіру саясаты қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауды, әділ мемлекеттік айыптауды және сот шешімдерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. 

Ағымдағы жылы изоляторлар мен тергеу кабинеттерінен 4 есе көп заңсыз ұсталған азаматтар
босатылды.

Апелляциялық өтінішхаттармен 860-қа жуық үкім заңға сәйкес келтірілді.

Бас Прокурордың наразылығы бойынша Жоғарғы Сот 410 адамға қатысты істерді қайта қарап,31 адамды ақтаған.

Қабылданған шаралар нәтижесінде тергелген қылмыстық істер бойынша 67 млрд тенгені құрайтын залал қайтарылды.

Үйлестіру кеңесі алаңында құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері тиімді шешілуде.

Қылмыстық процестің репрессиялығын төмендету шаралары қабылдануда.

Заңдылықты нығайтуға үлес қосқан үздік прокурорларды атап өткім келеді.

Қылмыстық қудалау салалсында бұл – Тойбеков Әділет Ермаханбетұлы.

Үкімдердің заңдылығын қадағалау бойынша – Шамои Тимур Сулгадинович.

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында – Ахметбек Жаннұр Әскербекұлы.

Үздік арнайы прокурор – Сәбитов Нұрлыбек Мұқашұлы.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қылмыстық және әкімшілік процестерді цифрландыру белсенді жүргізілуде.

Құқықтық статистика комитеті басқа мемлекеттік органдардың арасында цифрландыру жобасын бірінші болып енгізуде.

Қазіргі уақытта электрондық форматта 13 мың қылмыстық іс тергелуде, 420 мың әкімшілік хаттама толтырылған.

2015 жылы Президент Жарлығымен құрылған Бас прокуратураның Құқық қорғау органдарының академиясы барлық құқық қорғау жүйесі үшін кәсіби кадрларды дайындауда.

Академия тек Қазақстанның емес, сондай-ақ барлық ТМД елдерінің базалық жоғарғы оқу орнына айналды.

Президент Жолдауы аясында келесі жылдан бастап құқық қорғау қызметіне түсуге кандидаттарды кәсіби даярлаудың жаңа моделін енгізу жоспарлануда.

******

Біздің тарихымыздың тамыры терең. Өткен шақтың атаулы кезеңдерін және қадағалау қызметінің үздік өкілдерін мақтан тұтамыз.

Олардың ішінде көрнекті, өз ісіне адал кәсіби мамандар аз емес. Әрқайсысы Тәуелсіз Қазақстанның  прокуратурасын нығайтуға салмақты үлестерін қосты.

Олар – Мақсұт Нәрікбаев, Степан Шуткин, Юрий Хитрин, Рашид Түсіпбеков, Қайрат Мәми, Асқат Дауылбаев, Жақып Асанов.

Қымбатты достар!

Прокуратура органдарына Конституция еліміздегі заңдылықтың тұрақтылығына жауапкершілікті жүктейді.

Мемлекет басшысының құқықтық құралы ретінде біз азаматтардың құқықтарын, мемлекеттің және қоғамның мүддесін барынша қорғауға міндеттіміз.

Прокуратура қызметкерлері – өз борышына адал және тек заңға қызмет ететін нағыз патриоттар.

Сіздер қағидасына берік тұлға ретінде және жоғары кәсібилікті таныта білетін қайсар еңбектеріңіз үшін алғыстарға лайықсыз.

Прокуратура күнін мерекелеуге орай қызмет міндеттерін адал атқарғаны және заңдылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін 297 прокурор марапатталды, оның ішінде:

кеуде белгісімен – 88,

медальдармен – 58,

мерзімінен бұрын және кезектен тыс кластық шендермен 61,

құрмет грамотасы және алғыспен – 90 прокурор.

Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға мықты денсаулық, отбасылық бақыт-береке тілеймін!

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу