You are here

Бас Прокурордың орынбасары М.Ахметжановтың IV кәсіпкерлердің Съезіне қатысу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас Прокурордың орынбасары М.Ахметжановтың IV кәсіпкерлердің Съезіне қатысу туралы - 365135867

14 маусым 2017жыл, Астана қ. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов «Атамекен» ҰКП-ның  съезіне қатысты. Онда ол қылмыстық процесте бизнесті қорғау жөніндегі қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Экономикалық қылмыстарды қозғаудың тәсілдері өзгерді. Олар тексеру актілері мен залал болған жағдайда ғана тіркеледі. Соның нәтижесінде экономикалық қылмыстар 4 есеге төмендеді.

Қылмыстық кодекстің экономикалық саладағы қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты баптарын гуманизациялауға байланысты, оның ішінде (215 бап) жалған кәсіпкерлікті декриминализациялауға қатысты жаңартулар жасалды. Сонымен қатар ҚК-тің 13 бабы бойынша жаза мөлшері төмендетілді, 6 бабы бойынша тұлғаларды жауаптылықтан босатылу қарастырылды және ауыр санаттағы 3 бабы бойынша баламалы жаза ретінде еселенген айыппұл салу көзделді.   

Қылмыстық қудалауды қысқарту жолы арқылы салықтық әкімшілендіруге қалыпты жағдайлар туады. Тәуелдерді бағдарлау жүйесіне толықтай өту барлығына дерлік тексеру жүргізуге ерік бермейді, яғни нақты критерийлер бойынша іріктеу жүргізілетін болады.   

Бас прокуратураның өкілі М.Ахметжанов өз сөзінде: «Мысалға, айналымы өте үлкен, тауар жеткізілімі жоғары, бірақ қызметкерлер де, техника да одан қалды кеңсе де кәсіпорында мүлдем жоқ. Құжаттар өзгертіледі. Бұл - дабыл. Қауіпті аймаққа түстім дегенше, тексерісті күте бер. МКД үздік дүниежүзілік тәжірибені енгізеді. Жаңа технологиялар. Электрондық шот-фоктуралары, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, депозиттік ҚҚС-есебі. Осының барлығы операцияларды ашық және заңды етеді», - деді.

Сонымен қатар Марат Ахметжанов жалған кәсіпкерлікті декриминализациялау келеңсіз салдар тудырмайтынына баса назар аударды, себебі салық төлеуден жалтару бойынша қылмыстық жауаптылықтың қалғандығын атап өтті. Барлық күш жосықсыз жұмыс жасайтындарға жұмылдырылатын болады.

Сөз соңында ол бизнес өкілдерін бірлесе көлеңкелі экономикаға төзбейтін атмосфера мен кәсіпкерлік рухтағы жарыспалыққа негізделген әділетті бәсекелестік қалыптастыруға шақырды.

2016 жылдың 14 маусымында өткен Форумда бекітілген Жол картасы мүдделі мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП бірлесе іске асуда. Жоба проблемалы сұрақтардың шешімін бірлесе табуға мүмкіндік беріп отыр.

Форум барысында Палата жұмысының нәтижелері мен алдағы уақытқа тапсырмалар қатары, бизнестің дамуындағы проблемалық сұрақтар талқыланды.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

+7 7172 71 27 66

+7 7172 71 28 19

Бас Прокурордың орынбасары М.Ахметжановтың IV кәсіпкерлердің Съезіне қатысу туралы - 485104275

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.