You are here

МЖӘ жобаға бастамашылық жасау туралы хабарлама

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ» ММ ҒИМАРАТТАРЫ МЕН ҚҰРЫЛЫСТАРЫНЫҢ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ» МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАҒА БАСТАМАШЫЛЫҚ ЖАСАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА (МҮДДЕЛЕРДІ БІЛДІРУГЕ СҰРАУ САЛУ)

«Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы» ММ  2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңның (бұдан әрі – Заң) 44-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы» ММ ғимараттары мен құрылыстарының жарықтандыру жүйесін жаңғырту және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаны әлеуетті жеке әріптестің бастамашылық жасауы туралы хабарлайды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаның негізгі техникалық-экономикалық параметрлері мен бюджеттен сұралатын төлемдер (әлеуетті жеке әріптеспен бастамашылық жасалған тұжырымдамаға сәйкес):

Жарықтандыру аспаптарындағы 38 173 дәстүрлі шамды жарықдиодты шамдарға ауыстыруды, оларды жоюды және прокуратура органдарының 224 әкімшілік ғимараттарында жарықтандыру бөлігінде ғимаратқа 6 жыл мерзімге қызмет көрсетуді қоса Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ғимараттары мен құрылыстарының жарықтандыру жүйесін жаңғырту және пайдалану. Жобаны бүкіл іске асыру кезеңі ішіндегі мемлекеттік міндеттемелердің болжамды сұратылған жиынтық құны  –354 060 000 тенге.

Әлеуетті жеке әріптестікке қойылатын біліктілік талаптары:

Әлеуетті жеке әріптестік Заңның 32-бабымен белгіленген жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

МЖӘ жоспарланған жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жеке әріптестік өзі туралы негізгі ақпаратты көрсете отырып осындай жобаны іске асыру мүмкіндіктері туралы балама ұсыныстарды береді, оның ішінде:

·         әлеуетті жеке әріктестің атауы мен мекенжайы;

·         мемлекеттік тиістілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін);

·         заңды тұлғалардың иелері немесе басшылары және әлеуетті жеке әріптестің мүддесін білдіретін тұлғалар туралы деректер;

·         әлеуетті жеке әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне айрықша құқықтарды растайтын құжаттар;

·         мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын қаржы бөлімнің тармақшаларын қоспағанда Қағдаларға сәйкес құрылым бойынша әзірленген МЖӘ жобасының тұжырымдамасы.

Мүдделерді білдіру өтінімін беру орны, күні мен уақыты:

Осы жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда мүдделі тұлға 2017 жылғы «14» шілдеден кеш емес мерзімде мына: Қазақстан Республикасы, 010000 Астанақаласы, ул. Мәңгілік Ел 14, каб. 242, тел. +7 (7172) 71 22 80 мекенжай бойынша қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.