You are here

Прокуратура органдарында азаматтарды қабылдаудағы тың бастамалар

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазіргі таңда прокуратура органдары үлкен өзгерістердің қарсаңында. Басым бағыттар айқындалып, жұмыс тәсілдері жетілдірілуде.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов прокуратура органдарының азаматтар мен заңды тұлға өкілдерінің арыз-шағымдарын қарауына ерекше көңіл аударып, бұл жұмысты заман талабына сай және адамдардың мүдделерін нақты қорғалуын талап етуде.

Арыз-шағымдарды тиімді қараудың маңыздылығы ескеріліп, ашық прокуратура жобасының (проект) аясында сәуір айынан бастап Бас прокуратура жанынан Азаматтарды қабылдау орталығы ашылып, халыққа қызмет көрсетілуде. Жыл соңына дейін осындай орталықтарды өңірлерде де ашу жұмыстары жүргізілуде. Орталықта прокурорлар қабылдау жүргізіп, азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғап, кеңес беруде және шағымдарды жазуға көмектесуде. 

Оталықтың жауапты қызметкерлері айына бір рет Бас Прокурордың жеке қабылдауын ұйымдастырады. 

Бас прокуратура басшылығының қабылдауына жазу Call-орталығына шалынған қоңыраулар, порталдар («115.kz», «egov.kz») түскен электронды өтініштер және қағаз форматтағы өтініштер бойынша жүзеге асырылады. 

Бұл ретте Бас Прокурордың қабылдауына жазу арыз берушіге Бас Прокурор орынбасарының сол мәселе бойынша өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы жауабы бар болғанда жүргізіледі.   

Сондай-ақ, шешім қабылдау процесіне араласпау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы және соттардағы істер бойынша қабылдау жүзеге асырылмайды.

Бұдан басқа, сол мәселе бойынша бұрын Бас Прокурормен жауап берілген және сот актілеріне шағым беру мерзімін өткізіп алған адамдар Бас Прокурордың қабылдауына жазылуға жатпайды. 

Биыл Бас Прокурордың жеке қабылдауында барлығы 84 азамат пен заңды тұлғалардың өкілдері болған, ал былтыр осы мерзімде 44 болып, 2 есеге (47%) көбейген. Бас Прокурордың орынбасарлары 92 азамат пен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдаған.

Сот актісімен немесе мемлекеттік орган басшыларының әрекеттерін даулау мәселесі кейбір жағдайларда жергілікті прокурорлармен дұрыс шешілмеген соң, күн санап Бас Прокурордың қабылдауына жүгінуші азаматтардың саны артып келеді.

Ағымдағы жылы өтініштерді тиісті деңгейде қарамағаны үшін прокуратура органдарының 13 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Заман талабына сай қай салада болсын жаңа технологиялар қолданылуда. Бейнеконференцбайланыс құралының көмегімен қабылдауға жазылған азаматтар «оn-line» режимінде Астана қаласына келмей-ақ, Бас Прокурормен сұхбаттасып, өтінішінің мәнін баяндауына мүмкіндік бар. Осындай тәртіппен өңірлерден 5 азамат жүгінген. 

Бас Прокурордың қабылдауына азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын тексеру жайлы 22, қылмыстық іс 24, әкімшілік іс 2, сотқа дейінгі тергеп тексеру 26, әлеуметтік-экономикалық салада 6, атқарушылық іс жүргізу 2, кадр мәселелері және ішкі қауіпсіздік бойынша 3 өтініш қаралған.

 Аталған жеке қабылдауда 10 шағым қанағаттандырылған (2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында 3). Бұл, шешілген өтініштердің жалпы санының 12% (7%) құраған. 

Барлығы 4 азаматтық, 2 қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау жайлы өтініштер қолдау тапқан.   

Мәселен, лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны (ҚК-нің 307-бабы  1-бөлігі) және қызметтік жалғандық жасағаны (ҚК-нің 314-бабы 1-бөлігі) үшін сотталған Г.Мотина Бас Прокурордың жеке қабылдауына жүгінген.

Бас прокуратураның қызметкері Сырым Ақбаевтың жете зерделеуімен Г.Мотинаның мемлекет мүддесіне елеулі түрде залал келтірмегені, ақша қаражаттарын ұйымның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін іс-шараларға жұмсағаны анықталған.

Ол «Колос» балалар мәдени-сауық орталығы» МКҚК-ның директоры бола тұра мүгедек балалардың жаңа жылдық шыршасын 81 770 теңгеге өткізгені, көрсетілген қызметке 140 000 теңге төлегені, бейсболкаларды 112 000 теңгеге сатып алғаны, түскі асты 181 000 теңгеге ұйымдастырғаны, бөлінген қаражатты басқа мақсатқа жұмсағаны үшін сотталған. 

Жәбірленуші заңды тұлға қала әкімдігі тарапынан қандай да болмасын материалдық залал келгендігі жөнінде талап қойылмаған.

Сотталған, барлық іс-шараларға қаражат бөліне бермегенін, сондықтан аталған іс-шараларды өткізу үшін ақшаны басқа көзден алғанын теріске шығармаған және басқаша істеуге мүмкіндігі болмағанын көрсеткен.

Әкімдік аталған іс-шараларды жоспарға енгізбеген,  қаражатты мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндерді өткізуге бөлмеген.

Сондықтан, Г.Мотина өзінің міндетін атқару үшін осындай қадамдар жасауға мәжбүр болған.  

Ал, оның жалған құжаттарды жасау себебі қала әкімдігінің жоспардан тыс іс-шараларға қаражатты бөлу бойынша жұмысты тиісті түрде ұйымдастырмауынан болған.

Жоғарғы Сот, сотталған Г.Мотинаға қатысты үкімді Бас Прокурор наразылығымен қарап, оның әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтаған.

Сонымен қатар, У.Ерғалиеваның Астана қаласы әкімдігінің әрекетін даулау жайлы өтініші қаралып, оның тұрғын үй кезегіне қатысты құқығы бұзылғандығы анықталған.

Оның өз кезегін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар тізімінен ауыстыру туралы қаулыны заңсыз деп тану жөніндегі талабы сотпен қанағаттандырусыз қалдырылған.

У.Ерғалиева «Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» Заңның талабына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін жоғалтпаса да, әкімдік оның кезегін неғұрлым кеш мерзімге ауыстырған. 

Бас Прокурордың наразылығымен сот актілерінің күші жойылып, У.Ерғалиеваның тұрғын үй кезегі қалпына келтірілген. 

Бұдан басқа, ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігімен (жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін бұзу) әкімшілік жауаптылыққа тартылған С.Тузиков жеке қабылдауға жүгінген. 

Бас Прокурор арызданушыны тыңдап, оның уәждері дәлелді деген қорытындыға келіп, кассациялық наразылық дайындауды тапсырған.

Әкімшілік іс құжаттары зерделеніп, бірінші және апелляция - лық сот сатылары (Жамбыл облысы) барлық мән-жайларға құқықтық баға бермегені, С.Тузиковтың дәлелдері назарға алынбағаны анықталған. 

Сот актілеріне наразылық келтіріліп, ол қанағаттандырылып,  іс жаңадан қарауға жіберілген. 

Осы аталған мысалдар Бас Прокурордың арызданушылармен жеке кездесу барысында олардың түйінді мәселелерін тарқатуға мүмкіндік берген. 

Бас Прокурор арыз-шағымдарды қарау прокурорлардың негізгі міндеттері екенін, оған салғырт қарауға болмайтынын ұдайы ескертіп, адам құқығын қорғауды қатаң талап етуде.

Жеке қабылдау барысында азаматтарды мұқият тыңдап, оларға уәждерін айтуға мүмкіндік беріп, ахуалдың мәнісін жете түсіне отырып, құрылым басшылары мен орындаушыларға нақты тапсырмалар береді.   

Осы мақсатта ол әр жеке қабылдау кезінде прокурорларға арызданушылармен әңгімелесіп, мәселенің төркініне көз жеткізіп,  олардың пайымына жете назар аударып, заң тұрғысында баға беріп, жаңа көзқараспен қарауды және жағдайға талдау жасауды ұсынады.

Жеке қабылдаудан түскен өтініштерді жан-жақты, толық және объективті қарау үшін оны бұрын қараған қызметкерлерге бермеуді тапсырады.

Бас Прокурордың барлық наразылықтары сотпен қолдау табады деген қате түсінік болмау керек. Себебі, наразылықты Жоғарғы Сот негізінен қарап, өз құзыретінің шегінде шешім қабылдайды.

Наразылық қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда заңды күшіне енген сот шешімін талқылауға ешкімнің құқысы жоқ және ол талқылануға жатпайды. 

Арыз-шағымдарға берілетін жауап мағынасы мен мәніне де ерекше көңіл бөліп, адамдарға түсінікті тілмен жазылуын өзі тікелей қадағалайды. 

Дауды шешу прокуратура құзыретіне жатпағанда және заң тұрғысында араласуға мүмкіншілік болмаған жағдайда, мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдерге мәселені ушықтырмай, сотқа жеткізбей ымырашылдықпен әділеттілік тұрғысында шешіп, азаматтарды әуре-сарсаңға салмай, олардың құқын қорғауға шақыру жайлы тиісті хат жазып, дауларды шешуді талап етеді.

Қазіргі таңда Бас прокуратура бастамасымен мемлекеттік органдар бірігіп, «Қоғамдағы арыз-шағымдардың тиімді қаралуы» жобасын жүзеге асыруда. Оның мақсаты арыздарды тиімді қарау тәсілдерін жетілдіру. Мемлекеттік органдарға жыл сайын 2,5 млн. астам шағымдар түсуде. Жоба аясында шағым беру тәртібі нақтыланып, жүгіну тәртібі оңтайландырылуда.

Жобаның орындалуы нәтижесінде мемлекеттің қоғаммен қарым-қатынасы жетілдіріліп, әрбір азамат өзінің сұрақтарымен қай органға, қалай жүгіне алатындығын білетін болады. Басты мақсат олардың шағымдарын тиісті уәкілетті органдармен уақытылы қаралуына қол жеткізіледі. 

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының аға көмекшісі
С.Сүлеймен

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.