«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы №683 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеу жүргізу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы №683 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуға) қабылданатын азаматтар, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері аттестаттау және қызметтік тергеу жүргізу кезінде құқық қорғау органының тиісті бөлімшесінде зерттеуден өтеді.».

1-қосымша алынып тасталсын.

2. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

                                А. Мамин

 

 

 

ТіркемеКөлем
File Салыстырмалы кесте24.35 KB