You are here

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Төрт жыл бұрын Мемлекет басшысымен 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Бағдарламада барлық мүдделі органдардың күш-жігері тоғыстырылған.

Оның басты мақсаты экстремизмнің алдын алу және терроризм қаупіне жол бермеу арқылы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру халықта зайырлы мемлекеттің дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес келетін діни сана-сезім қалыптасуына орасан зор үлес қосты.

Діни ортада азаматтық қоғам институттарының, ресми діндарлардың және бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып ақпараттық-насихатшылық жұмыс белсендірілді.

Ақпараттық-түсіндіру топтарымен миллиондаған адамдар қамтылған ондаған мың әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Насихаттық әсер ету негізінен студент жастарға, әскери қызметшілерге, мемлекеттік органдардың жұмыскерлеріне және ауылдық жерлердің тұрғындарына бағытталды.

«Дінтану негіздері» курстарын меңгеруде жалпы білім беру мектептерінің 9-11 сынып оқушыларын, техникалық және кәсіби колледждердің студенттерін толық қамту қамтамасыз етілді (100%, 7 460 мектеп және 849 колледждің оқушыларының жалпы саны 2,7 млн.).

«Дінтану» тәртібі еліміздің 129 жоғарғы оқу орындарының барлығында (527 226 студент) қосымша тәртіптер компонентіне (профильдік курс) енгізілді. Жастарды төзімділікке тәрбиелеуге және теріс ағымдағы діни идеологияны қабылдамауды қалыптастыруға студенттермен тұрақты түрде дәрістер жүргізу және тақырыптық роликтер көрсету оң әскерін тигізді.

Қарсы насихаттық іс-шараларды кешенді жүргізу (кездесулер, халықпен әңгімелесу, оның ішінде уағыздау), республикалық және жергілікті БАҚ-да тақырыптық материалдар, теле- және радиобағдарламалар, деректі фильмдер және әлеуметтік роликтер орналастыру бойынша жұмыстар жалғастырылды.

БАҚ-да 15 мыңнан астам ақпараттық сюжеттердің шығуы қамтамасыз етілді, Интернет желісінде 4,5 мың материал орналастырылды, телеарналарда 200-ден астам шығулар қамтамасыз етілді.

Шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кинотеатрларды, кітапханаларды, ауылдық клубтарды, мәдениент үйлерін, спортық секцияларды қайта жаңғырту арқылы балалар мен жастарды тиісті мәдени, рухани-адамгершілік, отансүйгіштікке тәрбиелеуге жағдай жасалды.

Халыққа, оның ішінде ауылдық елді мекендердегі жастарға демалыс және спорт инфрақұрылыс объектілеріне қолжетімділік қамтамасыз етілді.

Тұрғындарға, оның ішінде жастарға жұмысқа орналасуда жәрдем көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда.

Бүгінгі күні жаңа Мемлекеттік бағдарлама әзірленді (бекіту сатысында).

Ол діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға жаңа серпін береді.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратураның Қоғамдық қауіпсіздік туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау департаментінің

Экстремизмге және терроризмге қарсы тұру туралы заңдардың қолданылуын қадағалау басқармасының аға прокуроры Демесинов Еркебұлан Райханұлы

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.