3733

Сұрақ уақыты: 06.09.2013 13:56:46
Сұрақ №: 
3733
Тегі: 
Сапарханов
Аты: 
Серипхан
Әкесінің аты: 
Аязханович
Регион: 
Шымкент
Сұрақ: 
Сәлеметсіз бе! 2013 жылдың 21-22 шілдесінде сізге және Алматы қалалық прокуратурасына бірнеше рет арыз түсірген болатынмын, алайда 2 ай болды, арыздарыма жазбаша жауап жок. Мен 2013 жылдың 23 қаңтары күні таңғы 7-30 да жүрегім ауырып, жедел жәрдем шақырдым, келген жедел жәрдем мені ауырып жатқан күйімде қалдырып кетті, ауруханаға жеткізбеді. Артынан тағы да жедел жәрдем шақырдым, екінші рет келген жедел жәрдем мені Алматы қаласындағы Алматы қалалық кардиологиялық орталығына жеткізді, ауыр халде жеткізілдім, нәтижесінде мен общирный инфаркт алдым, жедел түрде маған операция жасалды. Дәрігерлер менің бірінші жедел жәрдеммен неге келмегенімді, казір кеш жеткізіліп жатқанымды айтты. Егер бірінші жедел жәрдем ісіне салғырт қарамағанда мен уақытылы ауруханаға жеткізілер едім және маған операция жасалмас та еді. Бұл бірінші келген жедел жәрдемнің істеген үлкен қателігі болды деп білемін, мені өлім мен өмірдің ортасында қалдырып кетті, өз ісіне салғырттықпен қарады. Осы аталған мәселелер бойынша Алматы қалалық Бостандық аудандық ІІБ на арыз түсірген болатынмын, алайда арызым қанағаттандырылмай, қылмыстық іс қозғаудан бас тартып, істі қысқартты.Содан соң мен Алматы қалалық Бостандық аудандық прокуратурасына шағымдандым, прокуратура ІІБ –мен бірге келісіп, қылмыстық іс қозғаудан бас тартып отыр, маған берген жауабында сараптама тағайындау керек деп көрсеткен, алайда өздері сараптама тағайындамай істі созып, қарамай отыр. Жоғарыда аталған заңсыздықтар бойынша аталған лауазым иелеріне шара қолданып, қылмыстық жауапқа тартуыңызды және іс бойынша қылмыстық іс қозғауға ықпал тудыруыңызды сұраймын. 87014109898; 87019435485 Алдын-ала рахмет!
Жауап: 
Құрметті Серипхан Аязханович! Сіздің Алматы қаласы бойынша Жедел медициналық жәрдем станциясы қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына түскен арызыңыз Алматы қаласының прокуратурасымен қаралды. Қарау нәтижесі бойынша осы жылдың 15 тамызында Сізге жауап жолданды (шығыс №2-17070-13-21587). Арызды қарау нәтижесімен келіспеген жағдайда, сұрағыңызды блогқа орналастырар кезде танысатын Келісім талаптарының сақталуын ескере отырып, Сіздің прокуратура органдарына өтінішіңізді арнайы әкеліп тапсыру, пошта арқылы жолдау немесе www.115.kz электронды порталына жіберу арқылы қайта арыздану құқығыңыз бар. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет. Сонымен қатар, өтініштерді қарау тәртібі Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволарында және мекемелерінде өтініштермен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықпен регламенттелгенін түсіндіреміз (20.01.2012 жылғы №4 бұйрықпен бекітілген). Нұсқаулықтағы белгіленген талаптарға сай, Бас Прокуратураға өтініш берген жағдайда оған облыс прокурорының немесе оған теңестірілген прокурордың жауабы қоса тіркелуі керек. Сондай-ақ, облыстық және оған теңестірілген прокуратураларда өтінішерді қарау тәртібі аталған Нұсқаулық талаптарымен реттелген (арызданушы келіспейтін бір сұрақ бойынша өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы аудан прокурорының немесе оған теңестірілген прокурордың жауабы болуы қажет).