Сұрақ-жауап

  • Аты-жөні: Қайрадин Нұрсұлтан Еділұлы
    Дата: 21.08.2013 17:06:13
    Сұрақ:
    Құрметті Қазақстан Республикасы Прокуратура органдары жүйесі басқаратын Республиканың Бас Прокуратурасы ұжымының қызметкерлері. Сіздерді 30 Тамыз Еліміздің басты негізгі заңы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ күнімен құттықтаймын, конституция осыдан 18 жыл бұрын Қазастан Республикасының Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысы мен басты негізгі заң конституция республикалық реферандумда қабылданғанды мінекей елімізде бірнеше өзгерістер бар бұдан әрі конституция мен заң қатайып қардынды дамуына үлес қосамын сіздердің еңбектеріңізге табыс пен берекет есен-аманшылық тілеймін Аллах Тағаладан. Ақ тілекпен, Құрметпен, Ақтөбе қаласы тұрғыны, Нұрсұлтан Еділұлы Қайрадин.
    Жауап:
    Құрметті Нұрсұлтан Еділұлы! Құттықтауыңыз бен тілектеріңізге алғысымызды білдіреміз!
  • Аты-жөні: Мусаханов Мамырхан Дильдаханович
    Дата: 11.08.2013 23:53:48
    Сұрақ:
    Құрметті Қазақстан Республикасының бас прокуроры А.Даулбаев мырза Сіздің мекен-жайға АҚ Казпочта арқылы Түркістан ауданаралық қаржы полиция басқармасының басшысының орынбасары Е.Асылбековтың ҚР-ның ҚК-нің 308 бабы 2 бөлігімен, 341 бабы 2 бөлігімен қозғалған қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны бұзу туралы және ОҚО прокурорының орынбасары Алекешеевтің қысқартылған қылмыстық істі мұрағатқа жолдау туралы қаулысын бұзу туралы жазбаша түрде арызданған болатынмын. Алайда арыз бойынша менің мекен-жайға ешқандай мәлімет келіп түспеді. Жоғарғылардың негізінде Түркістан ауданаралық қаржы полиция басқармасының орынбасары Е.Асылбековтың ҚР-ның ҚК-нің 308 бабы 2 бөлігімен, 341 бабы 2 бөлігімен қозғалған қылмыстық істі қысқару туралы қаулыны, ОҚО прокурорының орынбасары Алекешеевтің қысқартылған қылмыстық істі мұрағатқа жолдау туралы қаулыны бұзуды сұранамын. Себебі бүл қылмыстық іс бойынша менің ешқандай жазығым жоқ. Жәбірленуші З.Касимованың арызында көрсетілгендей арызды жыртқан сот орындаушылары бөлімінің басшысы С.Ахатаев. Барлығында жасаған сол. Тек ол өзінің дүниесін, күйеу баласы Спабеков Амирханның / зам по кадрам ДКНБ ЮКО / қызметінің арқасында барлық қылмысты осы жасады деп мені алдап, қорқытып, жазықты қылып отыр. Сондықтан Сізден заңсыздыққа жол бермеуді сұранамын.
    Жауап:
    Құрметті Мамырхан Дильдаханович! Сіздің қылмыстық істі қысқарту туралы шешіммен келіспейтіндігіңіз туралы арызыңыз Сізге жазбаша хабарлама жіберіле отырып, Оңтүстік-Қазақстан облысының прокуратурасына қарау үшін жолданды. Түркістан қаласының прокуратурасымен арызды қарау нәтижесі бойынша аталған процессуалды шешім негізді деп танылып, Сізге жауап жолданды (22.07.13 шығ.№2-1205-13-05076). Жауаппен келіспеген жағдайда Сіздің облыстық прокуратураға шағымдануа құқығыңыз бар.

Беттер